Тағайындау • 29 Желтоқсан, 2022

Әуе қорғанысы күштерінде кадрлық ауыс-түйіс болды

495 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімдері Ақорданың ресми сайтына орналастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әуе қорғанысы күштерінде кадрлық ауыс-түйіс болды

Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды;

Нұртас Дәулетұлы Қабақов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды.

Сондай-ақ Президент өкімдерімен:

Нұрлан Секенұлы Орманбетов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды;

Қайрат Әнуарбекұлы Садықов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.