Фото: Polisia.kz
Полицейлер ірі көлемде заңсыз өндірілген алкогольді тасымалдайтын арнаның жолын кесті. Полиция қызметкерлері «ГАЗель» автокөлігінің жүк бөлімінен 873 бөтелкеден астам спирті бар сұйықтық тәркіледі.
Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл жалған акциздік таңбаланған заңсыз алкоголь өнімі.
Полиция алкоголь өнімдерін заңсыз сақтау және тасымалдауға қатысы бар барлық тұлғалардың жеке басын, сондай-ақ оны алу және өткізу арналарын анықтап жатыр.