Қоғам • 30 Желтоқсан, 2022

Қайрат Боранбаевтың ісі бойынша сот отырысы басталды

386 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласының Сарыарқа ауданының №2 сотында «АзияГазЧунджа» ЖШС құрылтайшылары Қайрат Боранбаев пен оның сенімді адамы Роман Нахановтың, сондай-ақ басқа да күдіктілердің ісі бойынша сот отырысы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қайрат Боранбаевтың ісі бойынша сот отырысы басталды

Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 сотында алғашқы сот отырысы басталды.

Астана қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл процеске №2 Сарыарқа сотының судьясы Назгүл Бапақова төрағалық етеді.

Бұл процеске Қайрат Боранбаевтың қызы Алима Қайрат қоғамдық қорғаушы ретінде де қатысады.

17 наурызда қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың ұсталғаны белгілі болды.

26 желтоқсанда Қаржылық мониторинг агенттігі «АзияГазЧунджа» ЖШС құрылтайшылары Қайрат Боранбаев пен Роман Нахановқа, сондай-ақ «Qazaq Gaz» АҚ Басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Тайыр Жанұзаққа қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

Айыпталушылар сұйытылған мұнай газын сатып алу және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру арқылы 14,5 млрд теңгені ұрлады деген күдікке ілінді.