Президент • 30 Желтоқсан, 2022

Президент қазақстандықтардың банкроттығы туралы заңға қол қойды

335 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент қазақстандықтардың банкроттығы туралы заңға қол қойды

Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.