АСТАНА. 9 маусым. Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаевтың өкімімен облыстық кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасына Александр Бабенко, ал сәулет және қала құрылысы басқармасына Андрей Балашев басшы болып тағайындалды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
Павлодар облысының тумасы, жоғары білімді, Қарағанды КСРО ІІМ Жоғары мектебін және Ресей Федерациясы үкіметінің жанындағы Халықтық шаруашылық академиясын тәмамдаған Александр Бабенко еңбек жолын Ішкі істер министрілігінің қызметкері ретінде бастаған. Сондай-ақ, 20 жылдан астам кәсіпкерлік және бизнес саласында еңбек етті. Бұдан бөлек, А. Бабенко Инновациялық Еуразиялық университеттің «Менеджмент» кафедрасының профессоры. Ол осы тағайындауға дейін облыстық кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы басшысының орынбасары болған.
Облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болып бекітілген Андрей Балашев бұған дейін Павлодар қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімін басқарған.
Павлодар облысының тумасы, жоғары білімді, 2003 жылы инженер-құрылысшы мамандығы бойынша С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін үздік аяқтаған А.Балашев еңбек жолын «Архпроект-Т» ЖШС-да жобалушы болып бастаған. Содан кейін облыстың сәулет және қала құрылысы басқармасы бөлімінің бас маманы, бастығы, Павлодар қаласының бас сәулетшісі міндеттерін атқарған.
Сондай-ақ, Қанат Бозымбаевтың өкімімен облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары болып Ағыбай Әмрин тағайындалды. Ол бұдан бұрын облыс әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің жетекшісі қызметінде болған.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: «ҚазАқпарат».
Фото: News.nur.kz.
• 09 Маусым, 2014
Павлодар облысы әкімдігіне қарасты екі басқармаға жаңа басшы тағайындалды

Мойынқұм ауданында өрт сөндіру бөлімі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 21:30
Олимпиадада төрешілік еткен қазақстандық маманға айып тағылды
Қоғам • Бүгін, 20:46
Ертең бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды
Елорда • Бүгін, 20:25
Биыл елімізде жарты миллионнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланған
Қазақстан • Бүгін, 19:55
Атыраудағы ерлі-зайыптының өлімі: Күдікті Индонезияда ұсталды
Оқиға • Бүгін, 19:23
Александр Бублик Дубайда өтіп жатқан турнирді сәтті бастады
Теннис • Бүгін, 19:11
Сарапшылар жаңа Конституция жобасын қабылдау перспективаларын талқылады
Ата заң • Бүгін, 18:43
Айыппұл өссе де адам өлімі азаймай тұр? Сарапшы не дейді?
Қоғам • Бүгін, 18:29
Билет бар, орын жоқ: Овербукинг кезінде жолаушы нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 18:10
Эйнштейн өзін «алаяқ» сезінген бе?
Қоғам • Бүгін, 18:01
Референдум-2026: Шетелдегі дауыс беру учаскелерінің тізімі жарияланды
Референдум • Бүгін, 17:48
Мемлекеттік күзет қызметі сарбаздарына іріктеу басталады
Қоғам • Бүгін, 17:47
Тойота көлік құрастыру үшін гуманоид роботтарды қолдана бастады
Технология • Бүгін, 17:30
Мектеп оқушыларын биыл қандай өзгерістер күтеді?
Білім • Бүгін, 17:29