Синоптиктер мәліметінше, Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ болады. Жел оңтүстіктен соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты қар күтіледі. Облыстың басым бөлігінде бұрқасын болады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Абай облысының басым бөлігінде бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.
Жетісу облысының шығысы мен таулы аудандарында қалың қар күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аймақтарында тұман, көктайғақ болады.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Алматы қаласында түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында соққан желдің жылдамдығы15-20 м/с жетеді.
Ұлытау облысының басым бөлігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, тау асуларында күші 15-20 м/с.
Шымкент қаласында кей уақытта тұман, көктайғақ болады.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде бұрқасын, облыстың солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ күтіледі.
Павлодар облысының басым бөлігінде бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күші күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, көктайғақ, тұман түседі.
Ақмола облысының шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында 15-20 м/с жетеді.