Аймақтар • 02 Қаңтар, 2023

Теміртауда жеңіл көлік төрт адамды қағып кетті

411 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теміртауда жеңіл көлік төрт жаяу жүргіншіні қағып кетті. Зардап шеккендердің бірі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Теміртауда жеңіл көлік төрт адамды қағып кетті

Оқиға 31 желтоқсан күні сағат 19.20-да Теміртау қаласында болған. Абай көшесімен Б.Момышұлы даңғылы бағытында келе жатқан ВАЗ 2114 көлігінің 23 жастағы жүргізушісі реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өтіп бара жатқан төрт жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

«Оқиға салдарынан 54 жастағы әйел медициналық мекемеге жеткізілді. Факті полицияға тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», деп хабарлады Қарағанды ​​облысы ПД баспасөз қызметінен.

Қалған үш зардап шеккен адам медициналық көмектен бас тартты.