Аймақтар • 04 Қаңтар, 2023

Екібастұзда жарылған су құбыры қалпына келтірілді

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ЖЭО-дағы су беру толығымен қалпына келтірілді. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі А.Байханов Instagram желісінде жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екібастұзда жарылған су құбыры қалпына келтірілді

Өңір басшысының айтуынша, бүгін таңертең су құбырының зақымдалған бөлігін ауыстыру басталды. Оған 46 адам (Екібастұз «Горводоканал» МКК және Павлодар облысы ТЖ департаментінің қызметкерлері), 19 бірлік мамандандырылған техника жұмылдырылды.

«Өздеріңізге белгілі, бүгін таңертең жергілікті ЖЭО-ға техникалық су құбырының зақымдалған учаскесінде жұмыс қайта басталды. 31 желтоқсанға қараған түні құбырға уақытша қысқыштар орнатылды. Станция сусыз қалған жоқ. Алайда ол қашанға дейін шыдар еді? Сол күні мен қалпына келтірілген учаскені ауыстыруға дайындықты бастауды бұйырдым. Таңертеңгі жұмыстар кешкі 21:20-да аяқталды. ЖЭО-да сумен жабдықтау толық көлемде қалпына келтірілді», деді Асайын Байханов.

2023 жылғы 3 қаңтарда таңғы сағат 6-дан бастап Екібастұз құтқарушылар гарнизоны күштері зақымданған аумақтан суды сорды. Сағат 11.00-де «Горводаканал ГКП» және «Инженерлік желілер» ЖШС қызметкерлері зақымдалған учаскені ауыстыру және диаметрі 500 мм технологиялық су құбырын ажырату бойынша жөндеу жұмыстарын бастады. Өңір басшысы су құбырының бір бөлігін ауыстыру жұмыстарын сапалы жүргізіп, сағат 22:00-ге дейін аяқтауды талап етті.