10 Маусым, 2014

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық

526 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін
004   1991 жылғы 16 желтоқсанда бізҚазақстан халқыегемендікті, бостандықты, әлемге ашықтықты таңдадық. Бүгінгі күні осы құндылықтар біздің күнделікті өміріміздің бөлшегіне айналды.  Сол кездері, сапарымыздың басында бәрі басқаша болды. Енді біздің ортақ күш-жігер жұмсауымыздың арқасында ел танымастай болып өзгерді. * * * Біз дүниені дүрбелеңге салған дағдарыстан демікпей шығып, дамудың даңғыл жолына бет бұрған елміз. Ықтимал сын-қатерлерге тыңғылықты шеп құрған елміз. * * * Мемлекет мерейімығымдылығында. * * * Менің ғұмырым ел тағдырымен еншілес. * * * Жетістіктерімізге сын көзбен қарап, сабыр сақтайтын ел болайық. * * * Дағдарыстар өтеді, кетеді. Ал мемлекет тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар мәңгі қалады. * * * Қазақстан халқы біртұтас, бірлігі мызғымас кемел елге айналды. * * * Мемлекет пен халықты біртұтас ұлттық мүдде тұрғысынан ұйыстыруасқан ұлы міндет. Бұл жаңа өркендеу үстіндегі демократиялық Қазақстанды дамытудың басты шарты. Бірге жиналубастауы. Бірге болып қалупрогресс. Бірге жұмыс істеутабыс. * * * Бодан жұртты бүгінгідей бостан күнге жеткізген жолда біз биік белестерді бағындырдық. Көңіл жүгірткендерді сағындырдық, көзі көргендерді табындырдық. * * * Біздің мызғымайтын және дау-дамайы жоқ өзекті ойымыз: ұлттың қауіпсіздігі мен мемлекеттілігіміздің сақталуы. * * * Мемлекеттік, тәуелсіздіктарихтың сыйы емес және тек қазіргі ұрпақтың бір өзінің ғана меншігі емес. Бұл өткеннің алдындағы парыз және болашақтың алдындағы жауапкершілік. * * * Мемлекеттің мемлекеттілігі оның өз тағдырына қатысты мәселелерді өз бетінше шеше алуынан танылуға тиіс. * * * Тату-тәтті елдің, экономикасы өркендеген елдің, сауатты ұрпақ өсірген елдің, ел ішінде, басқа жерде жүргенде өз Отанын мақтап, мақтан ететін елдің, Отанын шын сүйетін азаматтары бар елдің елдігі мықты болады. * * * Бұл замантек күштіні, бірлікті мойындаған заман. Бұл заманда, әлем тек экономикалық жағынан мықты, ішкі тұтастығы берік, ауызбірлігі күшті мемлекеттермен ғана санасады, сондай елдерді ғана сыйлайды. Қазақстан қазір әлем санасатын, әлем сыйлайтын сондай елге айналды. * * * Мен үшін қашанда мемлекет мүддесі мен ел игілігі жолында қалтқысыз қызмет атқарудан артық бақыт болған емес. * * * Халқы тату-тәтті, саясаты сарабдал елдің ғана қазынасы қыруар, болашағы баянды болады. * * * Біз бүгін өзіндік бет-бейнесі бар, өзіндік ерекшеліктері мен өзіндік ұстанымы бар табысты мемлекетпіз. Біздің алғы шепті алуымыз қымбатқа түсті. * * * Қазақстан ХХІ ғасырдың басында тәуелсіз әрі өзіне сенімді болып отыр. * * * Біздің басты жетістігімізтәуелсіз Қазақстанды құрғанымыз. Біз шекарамызды заңдық тұрғыдан ресімдедік. Елдің тұтастандырылған экономикалық кеңістігін құрдық. Билік тармақтарының бөлінуіне негізделген заманауи мемлекеттік басқару жүйесін жасаған тарихи маңызды конституциялық және саяси реформалар жүргіздік. Елдің жаңа елордасы – Астананы салдық. Бұл заманауи қала біздің бойтұмарымыз бен мақтанышымызға айналды. Біз еліміздің мүмкіндігін әлемге көрсету үшін оның әлеуетін пайдалана алдық. Дәл сол себептен де халықаралық қауымдастық Қазақстанды ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу орны ретінде таңдады. Егер Астана болмаса, бұл да болмас еді. Мұндай құрмет кез келгеннің еншісіне тие бермейді. Біздің еліміз кеңестен кейінгі кезеңдегі күллі кеңістікте ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткен, осы Ұйымның Саммитін өткізген және ғаламдық ауқымдағы іс-шара – ЭКСПО-2017-ні өзінде өткізетін бірінші ел екенін айтсақ та жеткілікті. * * * Біз «Алдымен экономика – cодан соң саясат» деген айқын формуламен ілгерілеп келеміз. Саяси реформалардың әрбір кезеңі экономика дамуының деңгейімен ұштасады. Сондықтан да біз саяси ырықтандыру жолын дәйекті ұстанудамыз. Осылайша ғана елді жаңғыртып, оны бәсекеге қабілетті етуге болады. Қоғам әрбір қадам басқан сайын демократияландыру мен адам құқықтары саласындағы ең жоғары стандарттарға жақындап келеді. * * * Азаматтық татулық пен ұлтаралық келісім – біздің басты құндылығымыз. Көпұлтты еліміздегі татулық пен келісім, мәдениеттер мен діндердің үндесуі әлемдік эталон ретінде танылған. Қазақстан халқы Ассамблеясы мәдениеттер үндесуінің бірегей еуразиялық үлгісі болды. Қазақстан жаһандық конфессияаралық үнқатысу орталығына айналды. * * * Әлемдік саясатта біздің еліміз – талассыз халықаралық беделге ие жауапты да сенімді серіктес. * * * Біз: «Мен – қазақстандықпын, өз елімде мен үшін барлық есік ашық!» деп айта алатын әділетті қоғам құрып жатырмыз. Бүгінде біздің азаматтар үшін барлық есік, барлық мүмкіндік, барлық жол ашық. Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз, бір халықпыз. * * * Қазақстан ХХІ ғасырдың басында тәуелсіз әрі өзіне сенімді болып отыр. Жаһандық дағдарыстың жалғасуының әсерінен әлемде болып жатқан өзгерістер бізді үрейлендірмейді. Біз оларға дайынбыз. Біздің ендігі міндетіміз – егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтай отырып, ХХІ ғасырда орнықты дамуды жалғастыру. * * *  Біз ел Конституциясында негізгі құқықтар мен бостандықтарды бекіттік. Бүгінгі күні Қазақстанның барлық азаматтары тең құқықтар мен мүмкіндіктерге ие. * * * Азаматтық татулық пен ұлтаралық келісім – біздің басты құндылығымыз. Көпұлтты еліміздегі татулық пен келісім, мәдениеттер мен діндердің үндесуі әлемдік эталон ретінде танылған. * * * Әлемдік саясатта біздің еліміз – талассыз халықаралық беделге ие жауапты да сенімді серіктес. * * *  Ел алдында ірі мәселелер тұр. Мен біздің табысты болатынымызға сенімдімін. Болашақтың Қазақстанын мен қалай елестетемін? Мен 2050 жылғы қазақстандықтар – үш тілде сөйлейтін білімді, еркін адамдардың қоғамы екеніне толық сенімдімін. Олар – әлемнің азаматтары. Олар саяхаттап жүреді. Олар жаңа білім меңгеруге құштар. Олар еңбексүйгіш. Олар – өз елінің патриоттары. Мен 2050 жылғы Қазақстан – жалпыға ортақ еңбек қоғамы екеніне сенімдімін. Ол – барлығы да адам игілігі үшін жасалатын, экономикасы мықты мемлекет. Білім беру саласы да, денсаулық сақтау саласы да үздік.  Бейбітшілік пен тыныштық салтанат құрған. Азаматтары еркін және тең құқықты, ал билігі әділ. Онда заң үстемдік етеді. Мен біздің дұрыс бағытпен ілгерілеп бара жатқанымызға сенемін және бізді ештеңе де түзу жолдан тайдыра алмайды. *.*.* Біздің алдымызда Қазақстанның тұтастығын сақтай отырып, елді дамыту міндеті тұрды. Біз жоспарлағаннан да асыра орындадық. Тұңғыш рет тарихта біздің мемлекет халықаралық дәрежеде танылған нақты шекарасын белгіледі. 14 мың шақырым мемлекеттік шекара межеленді. * * * Біз 140 этнос пен 17 конфессияның өкілдері тұратын елде ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық бірлікті сақтап, нығайттық. Біздің саясатымыз табысты болды. Біз демократиялық даму үлгісі негізінде азаматтық қоғам институттарын дәйекті түрде қалыптастырдық. * * * Біз дамудың нақты, орнықты және үдемелі қар­қынына қол жеткізу міндетін қойдық. Біз осы міндетті тарихи тұрғыдан алғанда аса қысқа мерзімде шештік. * * * Біз экономиканың заманауи, тиімді мұнай-газ және кен байыту өндіру саласын құруға тиіс едік. Біз бұл міндеттің үдесінен шықтық. Біз бүгін шикізат секторының табысын болашақ экономиканы құру үшін пайдаланудамыз. * * * Біз өз жетістіктеріміз үшін мақтаныш сезіміне бөленеміз.  Әлемдік дағдарыс біздің мемлекет пен қоғам ретінде орныққанымызды растады. Біздің шекарамыз, саяси жүйеміз, экономикалық үлгіміз ел ішінде де, одан сыртқары жерде де ендігі жерде елеулі келіспеушіліктер мен талас-тартыстардың өзегіне айналмайды.  Енді біздің алдымызда жаңа міндет тұр. Біз мемлекетіміздің ұзақ мерзімді кезеңге бағдарланған одан әрі даму векторын күшейтуге тиіспіз. * * * Қазақ елі өткен 22 жылда қыруар іс тындырды. Біз үлгілі дамудың өзіндік моделін қалыптастырдық. Әрбір отандасымыздың жүрегінде елімізге деген шексіз мақтаныш сезімін орнықтырдық. Қазақстандықтар ертеңіне, елінің болашағына сеніммен қарайды. Халықтың 97 пайызы әлеуметтік ахуалдың тұрақтылығын және оның жыл өткен сайын жақсара түскенін айтады. Бүгінде Отанымыздың жетістіктері – әрбір азаматтың ұлттық мақтанышы. Күшті, қуатты мемлекеттер ғана ұзақмерзімдік жоспарлаумен, тұрақты экономикалық өсумен айналысады. «Қазақстан-2050» Стратегиясы – барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы. Ол – елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан. Стратегияны мүлтіксіз орындап, емтиханнан мүдірмей өту – ортақ парыз, абыройлы міндет! * * * ХХІ ғасырдың Қазақстаны – талантты, еңбекқор, толерантты халықтың небәрі екі онжылдықта «нөлден» бастап құрған елі. Бұл – біздің бәріміз мақтан тұтатын ортақ жемісіміз! Бұл – біздің шексіз сүйетін ұлы туындымыз! * * * Тағы да айқындаушы тарихи сәт келіп жетті, біз планетаның озық мемлекеттері қатарына кіруге, іс жүзінде жаңа әлемнің жаңа елін құруға тиіспіз. Бұл үшін бізде барлық ресурстар бар, тиісті реформалар жүргізілді. Біздің тұрлаулы еліміз, білімді халқымыз, қабілетті кадрларымыз бар. Біз өзіміздің шикізат ресурстарымызға тәуелді емес, баламалы экономика құрып жатырмыз. * * * Мен барша халқымды жарқын болашаққа жол бас­тайтын адамзат баласының мәңгілік құндылықтары – ерік-жігер мен еңбексүйгіштік, мақсаткерлік қасиеттерді бойға сіңіруге шақырамын. Мен ХХІ ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін. Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады. Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.