10 Маусым, 2014

Сырдарияның сол жағалауында жаңа қала салынатын болады

270 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
most-1 Иә, Қызылордада қала салы­на­ды. Сырдарияның сол жаға­лауы­на. Бүгінде қала түсетін жер­­дің асты-үсті толық зерттеу­ден өтті. 90 мыңға жуық халық сия­­тын жаңа шаһардың кескін-кел­­беті де ерекше болмақ. Оның архитектурасында шығыстың шырайлы келбеті де, қазақы на­қыш та, заманауи технология да көрініс табады. Қаланы бастамас бұрын, Сырдарияның арғы беті мен бергі шетін жалғайтын көпір салу керек. Міне, бұрнағы күні сол көпірдің құрылысы бас­талды. Оған облыс әкімі Қы­рымбек Көшербаев және Сенат пен Мәжілістің бір топ депутаттары қатысты. ACD_3566Облыстық жолаушылар кө­лігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Марат Бәйімбетов тұсаукесер рәсімге арнайы келген меймандарды стенд арқылы көпір құрылысының жобасымен таныстырып, оның жұмысын елімізге белгілі «Мостотряд-25» ЖШС секілді тәжірибелі компания жүргізгелі отырғанын жеткізді. Жиналғандар алдында сөз алған өңір басшысы Қырымбек Көшербаев Қызылорда қаласының 2009 жылы бекіген бас жоспарына сәйкес 2300 гек­тарды құрайтын Сырдария өзе­ні­нің сол жағалауын жоспарлы иге­ру жұмыстары басталғалы отыр­ғанын қуанышпен атап өтті. – Бүгінгі шараны жай ғана көпірдің құрылысы басталды деп қабылдамау керек. Мұны ұлы өзеннің сол жағалауында жаңа қала­ның құрылысы басталатын та­рихи сәт деп санауымыз қажет. Бас жоспарға сәйкес бұл аумақта әлеуметтік-әкімшілік, өндірістік, мәдени, орта және шағын бизнес нысандарын салу қаралған. Бұ­ған қоса, біз 15 мың адамды жұ­мыспен қамтитын боламыз, – деді. Жалпы құны 5,9 миллиард теңге тұратын көпір құрылысына биыл республика бюджетінен 1 миллиард теңге қаралыпты. Өзге қаражат ел қазынасынан 2015 жылы бөлінеді. Ал, көпір құрылысы келер жылдың соңын ала аяқталады. Көпір салу, құдық қазу сауапты істің қатарынан ғой. Ал дарияның екі шетін қосып, жаңа қаланың құрылысына жол ашатын бұл көпір үлкен сауапты істің бастамасы деп білеміз. Ержан БАЙТІЛЕС, «Егемен Қазақстан». ҚЫЗЫЛОРДА.