10 Маусым, 2014

Отбасылық ансамбльдер сайысы

445 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Жақында  Достық үйінде облыс­тық халық шығармашылығы үйінің ұйым­дастыруымен өткен «Отаным – отбасым» атты отбасылық ан­самбль­­дердің аймақтық байқауына Қазақ­станның батыс өңіріндегі об­­лыс­­т­ардан 13 өнерлі отбасы қа­тыс­ты. Байқау шымылдығын респуб­ли­ка­ға танымал ақтөбелік өнер тар­лан­дары Қанат пен Светлана Айт­баев­тар әнмен ашты. Одан кейін бай­қау қатысушыларына  елу жыл бойы жұптары жазылмай, жарас­ты ша­ңырақ астында өмір сүріп, 6 бала, 12 немере, 2 шөбере сү­йіп отыр­ғ­ан қадірменді қариялар Бо­лат  пен Бақытшекен Шалабаевтар ақ ба­таларын берді. Облыстық мә­де­­ниет, мұрағат және құжаттама бас­қар­масы басшысының орынбасары Қыдырғали Ермұқан өнер дода­сы­на қатысушыларға  құттықтау сөз арнап, өнерпаздарға сәттілік ті­ле­ді. Батыс Қазақстан облысы Каз­таловка ауданы, Жалпақтал ауылынан келген Қабиевтердің, Қаратөбе ауданынан келген Бай­те­міровтердің халықтық атағы бар отбасылық ансамбльдерінің өне­ріне көрермендер риза болды. Аты­рау облысы, Қызылқоға ауданы­нан келген Қарабалиндердің ха­лықтық, Маңғыстау облысы, Қара­қия ауданының Жакуповтердің отба­сы­лық ансамбльдері сахна сәнін кел­тіріп, байқауды әнмен әдіптеп, күй­мен көмкерді. Ақтөбеліктердің на­мы­сын қай сайыста да қолдан бермей жүрген ырғыздық Есмұрзиндер от­басы бірінші орынға лайық деп та­ныл­ды. Екі екінші орынның бірі –  бай­ғаниндік халықтық Әнуаровтар, екін­шісі, ойылдық Махметовтер от­ба­сы­лық ансамбльдеріне бұйырды. Ал үш үшінші орынды атыраулық Қа­ра­балин, батысқазақстандық Бай­теміровтер, маңғыстаулық Жа­куповтер ансамбльдері иеленді. «Ұлттық өнерді насихаттағаны үшін» номинациясына Алға ауданы­нан келген Кремерлер, «Дәстүрлі ән­ді дәріптеген» номинациясына ақ­тө­белік Жетесовтердің «Шашу», «Кө­рер­мендер көзайымы» номина­ция­сына Темір ауданынан келген Шыл­мурзиндердің, «Гүлсана», «Ме­рейлі отбасы» номинациясына мұ­ғалжарлық Сейтімовтердің, «Әсем­ді­гі­­мен әрлендірген» номи­нациясы­на хром­таулық Қаз­баев­тардың, «Өнер­лілер ордасы» номинациясына әй­те­кебилік Оразымбетовтердің от­басылық ансамбльдері ие болды. Же­ңім­паз­дар мен жүлдегерлер диплом­дар­­мен,  бағалы сыйлықтармен мара­пат­талды. СатыбалдыСӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан». Ақтөбе облысы.