10 Маусым, 2014

Құрметті профессор атанды

356 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
1401162805_img_1898-kz (1)Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің «Абай арманы» клубында жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Тұрсын Жұртбай қонақта болып, «Қайым Мұхамедханов және абайтану мәселелері» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріске қаланың зиялы қауымы, университеттің профессорлық-оқытушылық құра­мы, студент-жастар қатысты. «Бүгінде Алаш идеялары жа­ңа қырынан танылып келеді, – деді Тұрсын Жұртбай қалың қауым­мен кездесу барысында. Біздің міндетіміз – олардың сол кездегі ұстанымын бүгінгі ұр­пақ­қа жеткізу...». Кездесу бары­сында студенттер де Тұрсын Жұрт­бай­дың шығармашылығымен кеңінен таныс екендіктерін айта келе, «Қоңыр қаз», «Жүрегімде – жұмыр Жер», «Жер-бесік», «Бейуақ» жинақтары, роман-новеллалары жастар арасында ең көп оқылатын кітапқа айналғанын мәлімдеді. Сту­денттердің әдебиетті терең түсі­нуі­не, зерттеп оқуларына ықпал етіп отырған университет ректоры, профессор Шәріпбек Әмір­беков алдағы уақытта да осындай кештердің, кездесулердің жиі ұйымдастырылуы қажеттігін тілге тиек етті. Кездесу соңында Тұрсын Жұртбайға «Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің құр­метті профессоры» атағы берілді. Студенттер осы жиын арқылы ұлттық идея, алаш­тану, Отанға деген құрмет тақырыптарында көптеген мәліметтер алғандығын айтып, пікірлерін ортаға салды. Раушан НҰҒМАНБЕКОВА, журналист. Семей.