Қаржы • 05 Қаңтар, 2023

Доллар бағамы көтерілді

356 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қор нарығында доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасының мәліметтеріне сілтеме жасап.

Доллар бағамы көтерілді

Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 0,52 теңгеге көтеріліп, 465,93 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 5 қаңтардағы бір долларға арналған ресми бағамы 465,39 теңгені құрайды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 466,47 теңгеден сатып алынып, 469,67 теңгеден сатылып жатыр. Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 464,98 теңге, сату – 469,15 теңге.