Саясат • 05 Қаңтар, 2023

Басшылық лауазымдарға жас мамандар ұсынылады - Ерлан Қарин

2375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ерлан Қариннің пайымдауынша, елдегі соңғы кадрлық өзгерістер қоғамда үлкен қызығушылық тудырды. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші өзінің Telegram арнасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Басшылық лауазымдарға жас мамандар ұсынылады - Ерлан Қарин

«Әлеуметтік желілердегі реакцияларға сүйенсек, соңғы кадрлық өзгерістерде жас кадрларды ұсыну ең үлкен қоғамдық қызығушылықты тудырды. Осыған байланысты жаңа министрлер Асхат Оралов пен Зульфия Сүлейменова президенттік Жастар кадрлық резервінде тұрғанына назар аударғым келеді. Бұл жобаны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы бастаған еді. Қазіргі уақытта Үкіметтің үш мүшесі - президенттік Жастар кадрлық резервінің өкілдері», деп жазды Ерлан Қарин.

Барлығы 350 резервшінің 258-і әртүрлі жауапты лауазымдарға тағайындалды, оның ішінде 34-і - «А» корпусының саяси және мемлекеттік қызметшілері.

«Осылайша, жас мамандарды басшылық лауазымдарға ұсыну бойынша жоспарлы жұмыс жалғасып жатыр. Президенттік Жастар кадрлық резерві жобасын одан әрі іске асыру Президенттің сайлауалды бағдарламасының басымдықтарының бірі болып саналатынын айта кеткен жөн», деп қорытындылады Мемлекеттік кеңесші.