Қазақстан • 06 Қаңтар, 2023

«Ашық аспан» режимі тағы 5 жылға ұзартылды

529 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті «Ашық аспан» режимін 2027 жылдың соңына дейін ұзартты, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ашық аспан» режимі тағы 5 жылға ұзартылды

«Ашық аспан» режимі рейстер саны бойынша барлық шектеулерді алып тастауды және қазақстандық авиакомпаниялар жұмыс істемейтін бағыттар бойынша шетелдік авиакомпанияларға «ауа еркіндігінің» бесінші дәрежесін беруді көздейді.

Аталған режим Астана, Алматы, Тараз, Шымкент, Ақтау, Семей, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Петропавл, Көкшетау және Түркістан қалаларының 12 халықаралық әуежайларында қолданылды. Ақтөбе облысының әкімдігімен бірлескен жұмыс қорытындысы бойынша бұл режим өңірді дамыту мақсатында Әлия Молдағұлова атындағы Ақтөбе қаласының халықаралық әуежайында да енгізілді.

Сондай-ақ  «Ашық аспан» жаңа шетелдік тасымалдаушыларды тартуға, әуе тасымалдаушылардың бәсекелестігін дамытуға, халықаралық маршруттарды ашуға, авиабилеттер құнын төмендетуге, туризмді дамытуға және Қазақстан қалаларының көліктік қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді.