Аймақтар • 06 Қаңтар, 2023

Орал тұрғынынан есірткінің ірі партиясы тәркіленді

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысының тұрғынынан бір келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz

Орал тұрғынынан есірткінің ірі партиясы тәркіленді

фото: polisia.kz

Полицейлер Орал қаласының 45 жастағы тұрғынынан бір келіден астам синтетикалық есірткі заттарын тәркіледі. Тінту шаралары барысында орауыш ыдыстар мен таразылар да табылды.

Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында құрамында есірткі бар препараттардың 60 данасы, 5 полиэтилен зип-пакеті, 2 жаңа электронды таразы, сұр түсті ұнтақтың іздері қалған таразы, 6 металл шәйнек, 7 пакет металл магнит, 2 өлшеуіш қасық және шпатель, оралған ұнтақ заты бар 11 зип-пакет, ақ түсті ұнтақ заты бар 3 контейнер, сұр түсті ұнтақ заты бар 3 контейнер, сондай-ақ есірткі сатушылар қолданатын басқа да заттар табылып, тәркіленді. Есірткі құралдарының, психотроптық препараттар мен прекурсорлардың жиынтық кестесіне сәйкес, тәркіленген заттар аса ірі мөлшерге жатады.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, қазіргі уақытта ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.