10 Маусым, 2014

Сындарлы үнқатысу

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Парламенті Мәжілісі Төрағасының орын­басары Сергей Дьяченко ЕҚЫҰ Парламенттік Ассам­блеясы адам құқығы, демократия және гуманитарлық мәселелер жөніндегі комитетінің төрағасы Исабель Сантушпен (Португалия) кездесті. Тараптар парламенттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту жағдайларын сөз ете келіп, оны нығайту мен тереңдетудің маңыздылығына тоқталды. Кездесу иелерінің айтуынша ол заң шығармашылық үрдісінде оң ықпалын тигізетіні сөзсіз. Жүздесу барысында, әсіресе, қылмыстық атқару жүйесінің ерекшеліктеріне айрықша көңіл бөлінді. Сонымен қатар, демократияны дамыту, адам құқын қорғау және сөз бостандығы мәселелеріне қатысты парламенттер арасындағы сындарлы үнқатысуды одан әрі жалғастыру назардан тыс қалмады. Кездесуге, сондай-ақ, ЕҚЫҰ ПА Адам құқығы, демократия және гуманитарлық мәселелер жөніндегі комитетінің мүшесі Мәжіліс депутаты Светлана Бычкова және Айгүл Соловьева қатысты.