Ауа райы • 07 Қаңтар, 2023

Елімізде ауа райы күрт суытады

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 8 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz

Елімізде ауа райы күрт суытады

Болжам бойынша елімізде ауа райы күрт суытады. Қар жауып, жел тұрады, сондай-ақ көктайғақ, бұрқасын, тұман болады.

«Республиканың солтүстік-батысында қар жауады, солтүстігінде, батысында суық фронттардың өтуімен ауа температурасы күрт төмендейді. Республикада жел күшейеді, көктайғақ, қарлы боран сақталады, кей жерлерде тұман түседі», делінген «Қазгидромет» РМК таратқан хабарламада.

Бұған дейін Ішкі істер министрлігі елдегі қолайсыз ауа райына байланысты жабық жолдарға шықпауға шақырды.