10 Маусым, 2014

Алматы облысындағы апаттан 3 адам қаза тауып, 15 адам зардап шекті

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

10-06-14-DTP-1

АСТАНА. 10 маусым. Кеше Алматы облысында орын алған жол-көлік оқиғасы салдарынан 3 адам қаза тауып, 15 адам әртүрлі деңгейдегі жарақат алды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің дерегіне сілтемеме жасаған Tengrinews.kz хабарлады. Полиция қызметкерлерінің мәлімдеуіне қарағанда, жол-көлік оқиғасы Алматы-Өскемен бағытындағы тас жолдың бойында Mitsubishi Delica жеңіл автокөлігі мен Mercedes Sprinter шағын автобусының соғылысуынан болған. Ішкі істер департаменті жол көлік апатынан 15 адамның зардап шеккенін мәлімдеді.  Оларға аталмыш оқиға жайында жеңіл автокөлікте болған жолаушылар хабарлаған. Оқиға орнында ішкі істер департаментінің қызметкерлері мен медицина қызметкерлері жұмыс істеуде. Қазір апаттың қалай болғаны анықталу үстінде. Еске сала кетейік, Алматы облысында  28 сәуір күні адам өліміне апарып соқтырған тағы бір жол көлік апаты орын алған болатын. Бұл апатта Lexus автокөлігі Алматы-Бішкек жолында аударылып қалып, 5 адам қайтыс болды. «Джипті басқарып отырған 47 жастағы әйел мен үш жолаушы оқиға орнында қайтыс болып, үш ер адам Ұзынағаш ауылындағы ауруханаға жатқызылған. Олардың біреуі есін жимастан сол ауруханада көз жұмды. Ал қалған екеуі қазір дәрігерлердің бақылауында» - деді ішкі істер департаментінің қызметкерлері. Бас прокуратураның есебінше, 2014 жылдың соңғы үш айында жол көлік апатынан 383 адам көз жұмып, 728 адам түрлі жарақат алған. Құрыш Нұрымбет. Дереккөз: tengrinews.kz. Фото: Фото vesti.kz.