Төтенше жағдай 7 қаңтарда Мұнайлы ауданының Дәулет ауылында кешкі сағат тоғызда болды. Көлік компанияларының бірінің базасында жанар-жағармай материалдары бар цистерна жарылып, өрт болды. Нәтижесінде екі адам түрлі жарақат алды.
Кейін облыстық көпсалалы ауруханадан хабарланғандай, жарылыс орнынан 41 және 33 жастағы екі ер адам медициналық мекемеге жеткізілді. Қазір олар реанимацияда жатыр.