Кәдімгі бит – бүгінде таптырмайтын паразит. Дертіне дауа іздеген кейбіреулер оны жеуден жиренбейді. Тіпті ел ішінде бит сатумен айналысып жатқандар да жоқ емес. Көзге әрең көрінетін паразит адам ағзасына пайдалы дегенге дәрігерлер не дейді?

Коллажды жасаған Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, адам ауруларының 80 пайызы түрлі паразиттердің салдарынан болады. Соның әсерінен әлемде жыл сайын 16 млн адам өмірімен қоштасады екен. Сондай-ақ дәрігерлер бір адам 200-ге тарта ауру тудыратын микроағзалар мен паразиттердің тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін айтады.
Бас биті, дене биті, буын биті болып үш топқа бөлінетін битті емге, әсіресе сары ауруға қарсы пайдаланатындар бар. Бұрын арам қанды сорғызу үшін басты әдейі биттететінді де еститінбіз. Ал дәрігерлер биттің ешқандай ауруға ем емес екенін, сары ауру – ол гепатит, гепатит тек вирусқа қарсы иньекциямен ғана жазылатынын алға тартады.
Ал ел ішінде битті айранмен ішіп, ауруынан құлантаза айыққандар жоқ емес. Солардың бірі – алматылық Руслан Бөлеген.
– Кішкентай кезімде сары аурумен ауырып ауруханаға түстім. Асқа тәбетім болмай мазам қашты. Басында аса мән бермедім. Бет-әлпетім сарғыш тарта бастаған соң дәрігерге қаралдым. Бірден ауруханаға жатқызды. Ем-домнан бетім бері қарай бастағанымен халық еміне қатты сенетін әпкем күнде айран әкеліп, оны тауысып ішуімді талап ететін болды. Ол «Сары аурумен ауырған адамның бауыры сарғайып кетеді. Бит ішке барғанда бауырға түсіп, бүкіл аурудың сөлін сорып, ісініп, кейін үлкен дәрет арқылы түседі», деді. Қайта-қайта айран іш деп айта берген соң, сөзін екі етпедім. Бірақ биттің сары ауруға пайдасын жалғыз әпкем емес, ауруханада бірге жатқандар да естіген екен. Бірі битті пайдалы десе, енді бірі бит жеймін деп ұшынып қалма деп ақыл айтты. Әпкемнің айраны әсер етті ме, әйтеуір тез сауығып кеттім, – дейді Руслан.
Дейтұрғанмен бүгінгідей медицина дамыған заманда біреулердің долбарына сеніп денсаулықты тәуекелге тіккенше, дәрігердің көмегіне жүгінген әлдеқайда тиімді. Дәрігерлер бит сары ауруды емдемейтінін, керісінше ол арқылы көптеген инфекциялық ауру тарайтынын, бұл «иттің еті туберкулезді емдейді» деген сияқты бос әңгіме екенін айтып, дабыл қағады. Расында, кейде өз бетімізше денсаулықты дұрыстаймын деп бұрыс ем жасайтынымыз жасырын емес. Битті айранға қосып ішіп, ауруынан айығып кеткенді сөз жүзінде естімесек, көзбен көргеніміз жоқ. Сондықтан халық арасында айтылатын ем-домды қолданбас бұрын алдымен дәрігер кеңесін алғанның артығы жоқ.
Ал биттен кәсіп ашқан «Antibit» ЖК директоры Сауле Нұрышова егер адам битті тұтынуға психологиялық тұрғыда дайын болса, оның дертке әжептәуір көмегі бар екенін айтады. Кәсібін кеңейту мақсатында мемлекеттен қолдау көргісі келетін Сәуленің бұл салаға келуіне АҚШ киносының 30 секундтық сәті, яғни балалардан бит жұқтырған әйелдің салонға барып тазарып шығуы әсер етіпті. Әйтпесе 10 жыл бала күтімінде отырған көпбалалы ананың негізгі мамандығы туризм және дизайнер болатын.
– Бит тазарту – бұл менің таңдауым. Жұмысымнан еш жиіркенбедім. Сол кинодан алған ойымды жүзеге асыруға асықтым. Бір жағынан бұл саланы дамыту арқылы бала күтіміндегі аналарды оқытқым келді. Басында, әрине, қиын болды. Әсіресе келушінің көңілінен шығу, бір тазартқаннан бит кете қоя ма деген күдік те басым болды. Көбіне балалар және аналармен жұмыс істеп жатырмыз. Жекеменшік балабақшаларға тексеруге шығамыз. Сондай-ақ осы мамандықты дамыту мақсатында еліміз бойынша онлайн оқытуды да қолға ала бастадық. Алғыс айтып жатқандар да аз емес. Биттің пайдасы әлі толық зерттелген жоқ. Бірақ бит сұраушылар саны артып келеді. Битті сатумен кәсіп бастауға болады деп ойлаймын. Бір күні белгісіз біреу қоңырау шалып, элиталық бит бар ма, сығанның битін жегім келмейді деді. Не айтарымды білмей абдырап қалдым. Бірақ нақты зерттеулер жүргізілсе, таза қанмен қоректенетін биттерді пайдалануға әбден болады деп ойлаймын. Мәселен, таза қанмен қоректенетін биттер көбінесе жас балаларда болады. Біздің бастағы биттен тазарту әдісіміз механикалық түрде жүргізіледі. Жүкті әйелдерге химиялық қоспасы бар бас жуатын жақпа майларды қолдануға рұқсат етілмейді. Біздің әдіс кішкентай балаларға, аллергиясы барларға, жүкті әйелдерге еш зияны жоқ. Биттен бір сағатта арылуға болады және біз оған кепілдік береміз, – дейді Сәуле.
Сондай-ақ ол бит бизнесін дамыту мақсатында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы несие алуға құжаттарын тапсырған. Алайда бизнес жоспары өтімді болмапты. Иә, қазіргі уақытта ғалымдар әр тірі жәндіктің пайдалы жағын табуды ойластырып, зерттеуде. Болашақта «сарышаян уы», «жылан уы» сияқты биттен де бір пайдалы нәрсе шығып жатса таңғалмаймыз.
Сонымен бит көбейсе баста жаралар пайда болып, одан аурулар туындайды. Ал ауруды сау адамға қан сору арқылы тарататын паразиттерді тұтыну – ауруды сатып алғанмен тең. Бұрынғыдай емес, қазіргі биттер де мутацияға ұшыраған дейді мамандар. Себебі неше түрлі химиялық қоспасы бар жақпа майлардың өзі бастағы битті оңай арылта алмауда. Битті тірідей жеп, аурудан айығу әдісі біреулерге көмектескен де шығар. Бірақ сол биттің кесірінен қаншама адамның денсаулығына зиян келді. Сондықтан беті аулақ, ауыра қалған жағдайда битке емес, дәрігерге сенім артқанымыз, «Битке өкпелеп, тоныңды отқа жақпа» дегендей, битке сеніп денсаулықты құртып алмағанымыз абзал.
Астанада тас өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің көрмесі өтті
Қоғам • Бүгін, 16:25
Сирек кездесетін ауруларды анықтау мен емдеудің тәсілдері талқыланды
Медицина • Бүгін, 16:15
Филиппинде 6,1 балдық жер сілкінісі болды
Әлем • Бүгін, 16:00
Доллар бағамы 460 теңгеден төмендеді
Қаржы • Бүгін, 15:24
Үкімет басшысы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасымен кездесті
Үкімет • Бүгін, 15:13
Түркістан облысындағы үш ауданда 6 көше, 48 ауланы су басты
Оқиға • Бүгін, 15:01
Қазақстанда криптоиндустрияның алғышарттары әзірленіп жатыр
Қоғам • Бүгін, 14:55
Президент Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын жоғары деңгейде ұйымдастыруды тапсырды
Президент • Бүгін, 14:37
Алматыда IV қысқы Жастар спорт ойындары басталды
Қысқы спорт • Бүгін, 14:36
LRT жобасы қашан аяқталатыны белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 14:23
20 жыл бұрын банкротқа ұшыраған кәсіпорын қызметкерлері төлемдерін ала алмай жүр
Саясат • Бүгін, 14:09
Елордада 440-тан астам интернет-алаяқтық фактілері тіркелді
Қоғам • Бүгін, 13:51
Қоғамда «цифрлық аутизмге» шалдыққандар көбейіп келеді - сенатор
Пікір • Бүгін, 13:20
Бүгін - Қазақстан мен Еуропалық Одақ дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан күн
Қазақстан • Бүгін, 13:05
Жаңа заң жұмысшылардың құқығын қорғауға тың серпін береді
Саясат • Бүгін, 12:53
Елімізге сапасыз дәрі-дәрмектің келуін қадағалау керек - сенатор
Саясат • Бүгін, 12:43
ОСК Қазақстандағы халықаралық байқаушыларды тіркеуді бастады
Сайлау • Бүгін, 12:33
Түркістан облысында көшелер мен аулаларды су басты
Аймақтар • Бүгін, 12:27
Алматыда мемлекеттік қызметтің 96%-ы цифрлы форматта көрсетіледі
Технология • Бүгін, 12:15
DIGITAL ALMATY 2023 форумына 17 мың адам тіркелді
Қоғам • Бүгін, 12:11
Digital Almaty: криптобиржалардың даму перспективалары талқыланды
Қоғам • Бүгін, 12:01
Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионы атанды
Хоккей • Бүгін, 11:45
Латвия мен Қазақстан арасында жүк тасымалы артты
Қазақстан • Бүгін, 11:40
Алматыда екі автобус соқтығысты
Аймақтар • Бүгін, 11:33
Алматының «цифрлық егізі» күзде құрылады - Ерболат Досаев
Аймақтар • Бүгін, 11:32
Сенат спикері Гүлмира Кәрімованың туған-туыстарына көңіл айтты
Парламент • Бүгін, 11:25
Түркістанда жасөспірімдерге қатысты 400-ге жуық құқық бұзушылық анықталды
Қоғам • Бүгін, 11:13
Еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасы бекітілді
Қазақстан • Бүгін, 11:03
ШҚО-да су тасқыны кезеңіне дайындық басталды
Қоғам • Бүгін, 10:53
KMG Kashagan B.V. бас директоры тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:41
Алматыда DIGITAL ALMATY 2023 форумы басталды
Қоғам • Бүгін, 10:25
Қазақстан елшісі Литва Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Қазақстан • Бүгін, 10:16
Екібастұзда жылу желісінің үш учаскесі жөнделіп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 10:06
Шымкентте төбелес ұйымдастырмақ болғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 09:59
Мемлекет меншігіне 5,3 млрд теңгенің мүлкі өтті
Қоғам • Бүгін, 09:48
Қазақстанда бір тәулікте 62 адам коронавирус жұқтырған
Коронавирус • Бүгін, 09:39
Қырғызстан мен Қытай шекарасында жер сілкінді
Әлем • Бүгін, 09:25
БҚО-да пиязды экспорттамақ болғандар анықталды
Қоғам • Бүгін, 09:16
2 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:02
Қазақстан • Бүгін, 08:58
Ұқсас жаңалықтар