Қазақстан • 10 Қаңтар, 2023

Полицейлер жол жиегіне шығып кеткен қырғыз азаматына көмектесті

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Самара - Шымкент тасжолының 797-ші шақырымында Volvo көлігінің жүргізушісі, Қырғызстан Республикасының азаматы рөлге ие бола алмай, жол жиегіне шығып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Полицейлер жол жиегіне шығып кеткен қырғыз азаматына көмектесті

Көлік тиелген жүк көлігін жолдың жиегінен шығару мүмкін болмады. Бірақ полицейлер ер адамның жағдайын, тамақ пен судың бар-жоғын сұрап тұрған.

9 қаңтарда полицейлер мен «Қазавтожол» АҚ қызметкерлерінің бірлескен күшімен жүк көлігі арнайы техниканың көмегімен жолға сүйреп шығарылды.