Теннис • 10 Қаңтар, 2023

Юлия Путинцева Австралиядағы турнирдің екінші кезеңіне өтті

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

WTA 250 Hobart International турнирінің бірінші айналымында қазақстандық теннисші Юлия Путинцева америкалық Клэр Люді жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz

Юлия Путинцева Австралиядағы турнирдің екінші кезеңіне өтті

Кездесудің есебі – 6:2, 6:4

«Путинцева WTA әлемдік рейтингінде 51-орында, Лю 59-орында тұр. Матч бір сағат 34 минутқа созылды. Біздің спортшымыз үш эйс жасап, үш брейк-пойнтты орындады», деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясынан.

Қазақстандық спортшының екінші айналымдағы қарсыласы кейін белгілі болады.