Оқиға • 10 Қаңтар, 2023

Астанада ДДҰ Еуропалық өңірлік комитетінің 73-ші сессиясы өтеді

379 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022 жылдың 24-26 қазанында Астанада ДДҰ Еуропалық өңірлік комитетінің 73-ші сессиясы өтеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Астанада ДДҰ Еуропалық өңірлік комитетінің 73-ші сессиясы өтеді

«2023 жылы ынтымақтастықтың негізгі аспектісі БҰҰ Бас Ассамблеясы деңгейінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек бойынша Астана декларациясын ілгерілету болады. ДДҰ басшылығымен қол жеткізілген уағдаластықтарға байланысты 2023 жылдың 24-26 қазанында елордада ДДҰ Еуропалық өңірлік комитетінің 73-сессиясын өткізу туралы шешім қабылданды», деді ведомство басшысы денсаулық сақтау министрлігінің алқасында.

Ажар Ғиният сессия ДДҰ-ның 75 жылдық мерейтойын, Алматы декларациясының қабылданғанына 45 жыл толуын және алғашқы медициналық-санитарлық көмек бойынша Астана декларациясының қабылданғанына 5 жыл толуын мерекелеуге орайластырылатынын атап өтті.