Аймақтар • 10 Қаңтар, 2023

Қостанайда коммуналдық апат болып, бірнеше үй сусыз қалды

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай қаласындағы Тәуелсіздік көшесінде су құбыры желілеріндегі құдықтан ақау шықты. Апат орнына мамандар жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанайда коммуналдық апат болып, бірнеше үй сусыз қалды

Қостанай Жылу энергетикалық компаниясының баспасөз қызметі атап өткендей, апатқа су құбыры желілерінің тозуы себеп болған.

«10 қаңтарда сағат 11:00-де «ҚТЭК» МКК диспетчеріне құдықтан су ағып жатқаны туралы хабар келіп түсті. Арнайы бригада апат орнына сағат 12:00-де жеткен», деп хабарлады коммуналдық кәсіпорын.

Апат салдарынан Тәуелсіздік және Қозыбаев көшелеріндегі үйлер сусыз қалды.

Апатты жою жұмыстары күні бойы жүргізіледі. ҚТЭК суық сусыз қалған үйлердің тұрғындарына су тасымалдауға уәде берді.

г