Ауа райы • 10 Қаңтар, 2023

Қазақстанда 40 градусқа дейін аяз күтіледі

354 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық синоптиктер 2023 жылдың 11 қаңтарына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда 40 градусқа дейін аяз күтіледі

«Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша, ел аумағының басым бөлігіне арктикалық аязды антициклон әсер етеді.

«Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында, солтүстігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен қар өтеді, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында таулы аудандарда кейде қалың қар, желдің күшеюі, боран, көктайғақ күтіледі. Кей жерлерде тұман түседі», делінген синоптиктердің хабарламасында.

Мамандардың болжамы бойынша:

  • Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде -40-41 градусқа дейін,
  • Маңғыстау облысында -25 градус,
  • Ақмола облысында -40 градусқа дейін,
  • Қарағанды облысында -35-38 градус,
  • Ақтөбе облысында -35-36 градусқа дейін,
  • Атырау облысында -30 градус,
  • Түркістан облысының солтүстігінде -25-27 градус,
  • Жетісу облысының таулы аудандарында -25 градус аяз күтіледі.

Астанада ауыспалы бұлттылық сақталып, кейде аздаған қар жауады. Батыстан соққан желдің екпіні 3-8 м/с дейін жетеді. Түнде ауа температурасы -35...-37°С, күндіз -26...-28°С болады.

Алматыда күн бұлтты болады деп болжанады, кейде қар жауып, тұман, көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы түнде және күндіз -10...-12°С жетіп, одан әрі төмендейді.

Шымкентте ауыспалы бұлт, түнде және таңертең қар жауып, тұман түседі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғып, 8-13 м/с дейін жетеді. Түнде ауа температурасы -14...-16°С, күндіз -8...-10°С.