Облыстық спорт басқармасы мамандарының айтуынша, турнирдің қалалық кезеңі басталған үш айдың ішінде шәкірттердің шеберлік деңгейінің едәуір өскені байқалады, командалардың ойын өрнегі де айшықтала түскен. Бұл орайда мамандар дене шынықтыру мұғалімдерінің еңбегі орасан зор дейді.
Турнир барысында балалардың ойын техникасын жақсы меңгергені айқын аңғарылып тұрды. Шалт қимылдап, шапшаң шабуылдап, тактикалық ойынның озық үлгісін көрсете білген командалар да баршылық. Командалар үш күннің ішінде 50 ойын өткізді.
Нәтижесінде, 2007-2008 жылы туған жасөспірім оқушылар арасында бірінші орынды «Aqtobe Junior» командасы, екінші орынды «Спарта», үшінші орынды «Vista» командасы жеңіп алды. Сондай-ақ 2009-2010 жылы туған балалардың жарысында нәтижелі ойын өрнегін көрсете білген «ADK», «Vista» және «Легион» командалары алдыңғы үштіктен көріне білді.
10-11 жастағы балғындар арасында өткен ойындарда астаналық «Vista» командасы жеңімпаз атанды. Ал Исхан Самаев, Георгий Резников, Георгий Марченко, Александр Ионов сынды балақайлар турнирдің ең үздік ойыншысы деген марапатқа ие болды.
ҚОСТАНАЙ