Ауа райы • 12 Қаңтар, 2023

Еліміздің басым бөлігінде аяз сақталады

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 12 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің басым бөлігінде аяз сақталады

Еліміздің кейбір аймақтарында қатты үсік күтіледі.

«Республика аумағының басым бөлігінде аязды ауа райы сақталады. Түнде солтүстікте, Алматы, Түркістан, Жетісу облыстарының таулы аймақтарында 30-33 градус аяз, Қарағанды, Ұлытау облыстарының шығысында -40 градус аяз, кей жерлерде өте қатты аяз күтіледі. Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында аяз сақталады, ауа температурасы 20-24 градус аяз. Жамбыл облысында 30-33 градус аяз күтіледі», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Синоптиктердің болжауынша, еліміздің оңтүстік-шығысында, шығысында және солтүстігінде қар жауады, аздаған қарлы боранмен жел күшейеді, оңтүстік-шығыста тұман күтіледі.

«Ірі қалаларға келетін болсақ, Астанада көшпелі бұлт шығады, өткінші қар жауады, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -27...-29°С, күндіз -17...-19°С; Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -21...-23°С, күндіз -15...-17°С; Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -24...-26°С, күндіз -10...-12°С», деп толықтырды ведомство.