Алматыда қатты аязға байланысты ТЖД мамандары тұрғындарды қала сыртына шықпауға және жылы киінуге шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Синоптиктердің болжамына сәйкес, 12-16 қаңтар аралығында қалада ауа температурасы -25 градусқа дейін төмендейді. Бұл Алматы қаласы үшін қауіпті метеорологиялық құбылысты білдіреді. Осыған байланысты Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардан қысқы кезеңде сақтық шараларын ұстануды сұрайды. Көшеге ұзақ серуендемеңіз, қажетсіз қаладан тыс жерлерге бармаңыз, көшеге шыққанда жылы киініңіз», делінген хабарламада.
Аталған ведомство мемлекеттік органдар мен ұйымдарға халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілеріне бақылауды күшейту бойынша қосымша шаралар қабылдау туралы ақпараттық хабарламалар жіберді.
Жанқош Тұраров әлем чемпионы атанды
Спорт • Кеше
«Қажымұқанның інісі». Түйе көтерген палуан
Қоғам • Кеше
Тазы асыраушы Президентке Наурыз есімді күшікті сыйға берді
Президент • Кеше
Рамазан айында қай автобустар тегін қатынайды?
Қоғам • Кеше
Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментіне жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Ұқсас жаңалықтар