Теннис • 12 Қаңтар, 2023

Юлия Путинцева Хобартта жеңіліп қалды

226 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан теннисшісі Юлия Путинцева Хобарттағы (Австралия) жарысын аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Юлия Путинцева Хобартта жеңіліп қалды

Ширек финалдағы тартысты ойын ресейліктердің жеңісімен аяқталды. Анна Блинкова 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетіп, жүлде қоры 250 мың доллардан асатын WTA 250 санатындағы турнирдің жартылай финалында ойнау құқығына ие болды.

Өз кезегінде, Хобартта өнер көрсеткен Юлия Путинцева 16 қаңтарда басталатын Австралия ашық чемпионатына дайындала алады. AusOpen жарысында ол румыниялық Сорану Кирстемен кездеседі.