29 Мамыр, 2010

ДАЙЫНДЫҚ ДІТТЕГЕНДЕЙ БОЛУЫ ТИІС

368 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төр­аға­лығымен Астана және Алматы қалаларындағы VІІ Қысқы Азия ойындарына дайындық және өткізу жө­ніндегі ұйымдастыру комитетінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Отырысқа қатысушылар Азиада нысандарының құрылысы мен қайта жаңғырту барысын, қажетті инфрақұрылымдар тарту, сондай-ақ ойындарды ұйымдастыру мен өткізу, қоғамдық қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз ету, спорттық және ресми іс-шараларды теле-радио хабарлар арқылы тарату мәселелерін талқылады. Отырыс қорытындысы бойынша Кәрім Мәсімов мүдделі министрліктер мен ведомстволарға барлық проблемалы мәселелерді шұғыл түрде шешуді қамтамасыз етуді тапсырды.