Спорт • 13 Қаңтар, 2023

Қарсыласы – Оңтүстік Корея

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында алауы тұтанған қысқы Дүние­жүзілік универсиадада Қазақстанның шайбалы хоккей­шілері төмендегідей құрамда өнер көрсетеді:

Қарсыласы – Оңтүстік Корея

Қақпашылар – Роман Калмыков, Андрей Шутов («Номад»), Денис Каратаев («Сарыарқа»). Қорғаушылар – Данил Бутенко, Мәди Диқанбек, Артем Королев, Кирилл Никитин, Абылайхан Сүлейменов («Номад»), Иван Гавриленко («Сарыарқа»), Кирилл Полохов («Арлан»). Шабуылшылар – Станислав Александров, Олег Бойко, Әли Қасенов, Всеволод Логвин, Абай Маңғысбаев, Батырлан Мұратов, Максим Мұхаметов, Алдияр Нұрлан, Әлихан Өмірбеков («Номад»), Саян Данияр, Руслан Демин («Сарыарқа») және Максим Мусоров («Химик»).

Бүгін жерлестеріміз Оңтүстік Корея құрамасымен күш сынасады. Одан кейінгі күндері Мажарстан (14.01), Ұлыбритания (16.01), Словакия (17.01) және АҚШ (18.01) хоккейшілерімен шеберлік байқасады.