Ауа райы • 13 Қаңтар, 2023

Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

346 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

14 қаңтарда елдің алты өңірінде қолайсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Маңғыстау облысының батысында екпіні 25 м/с жел соғады. Ақтауда оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20, кейде 23 м/с дейін жетеді.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында қарлы боран болады деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с дейін жететін жел соғады. Көкшетауда оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15 м/с болады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с жел соғады. Түнде облыстың солтүстігінде, таулы, тау бөктеріндегі аудандарда -30-34 градус қатты аяз сақталады. Таразда кейде тұман болады. Түнде -30 градусқа дейін қатты аяз сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қарлы боран күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с дейін жел соғады. Петропавлда оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады деп болжанады.

Түркістан облысының оңтүстігінде тұман болады. Таулы аймақтарда төменгі боран күтіледі. 14 қаңтарда түнде облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында -25 градус қатты аяз сақталады.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, шығысында қарлы боран болжанады. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с жел соғады.