Аймақтар • 16 Қаңтар, 2023

Жамбыл облысындағы қорық аумағында браконьерлер ұсталды

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл полицейлері қорық аумағында ақбөкен аулағандарды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жамбыл облысындағы қорық аумағында браконьерлер ұсталды

Мойынқұм ауданының табиғатты қорғау полициясының инспекторлары «Охотзоопром» өңірлік басқармасының өкілдерімен бірлесіп, «Аңдасай» ерекше қорғалатын мемлекеттік табиғи аумағында ақбөкен аулаған екі адамды ұстады.

Олар Мойынқұм ауданының 23 және 24 жастағы тұрғындары болып шықты. Тексеру кезінде ұсталғандардан ақбөкеннің кесілген еттері, екі аңшылық тегіс ұңғылы мылтық, оқ-дәрілер және пышақ табылып, тәркіленді.

Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 337-бабы 4-бөлігімен (Заңсыз аңшылық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Күдіктілер өз кінәсін мойындады. Бірқатар қажетті сараптама тағайындалды.