Ауа райы • 17 Қаңтар, 2023

18 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

491 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан синоптиктері 18 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

18 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК ұсынған деректерге қарағанда, еліміздің барлық аумағына жауын-шашынсыз ауа райы сақталатын ауқымды антициклон әсер етеді. Тек республиканың шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен аздаған қар, төмен қарлы боран, елдің оңтүстігінде – желдің күшеюі, тұман күтіледі.

«Түнде Жетісу және Алматы облыстарының солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында -25-26 градустық аяз сақталады», дейді синоптиктер.

Астанада күн бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. Батыс, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 2-7 м/с дейңн жетеді. Ауа температурасы түнде -22-24°С, күндіз -13-15°С.

Алматыда да жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. 0-5 м/с дейін жел соғады. Ауа температурасы түнде -15-17°С, күндіз -5-7°С.

Шымкентте аздаған бұлт күтіледі. Шығыстан жел соғып, 3-8 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -13-15°С, күндіз -1 + 1°С.