Елорда • 17 Қаңтар, 2023

Астанада осы аптада өтетін іс-шаралар

227 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Осы аптада елорда тұрғындары мен қонақтарына арнап 30-дан астам түрлі мәдени-танымдық іс-шара ұйымдастырылады. Қаланың мәдениет мекемелері концерттер, қойылымдар, көрмелер, шеберлік сыныптарын және т.б. дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астанада осы аптада өтетін іс-шаралар

Мемлекеттік академиялық филармонияда 19 қаңтар күні кешкі сағат 19:00-де Қазақстанның еңбек Геро, КСРО және Қазақстан Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Еркеғали Рахмадиевтің вокалдық шығармашылығына арналған «Таң самалы» концерті өтеді.

Осы апта бойы таңғы 9:00-ден 18:00-ге дейін «Жастар» сарайында «Өнер фонтаны» интуитивті кескіндеме бойынша суреттер көрмесі мен шеберлік сыныптары өтеді.

21 қаңтар күні кешкі сағат 20:00-де сарай сахнасында Глеб Самойлов «Агата Кристи» тобының 35 жылдығына арналған бағдарламамен өнер көрсетеді.

17 қаңтар күні түстен кейін «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешені «Лагерьде атылған әйелдер...» атты дәрісін өткізеді. Мұнда 19 қаңтар күні «Ұрпақтар жадында» көрмесі ашылады.

«Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінде 18 қаңтар күні сағат 11:00-де Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына орай дөңгелек үстел ұйымдастырылады.

Ал 20 қаңтарға дейін Сәкен Сейфуллин мұражайында «Сәкен және Гүлбаһрам» фотосуреттер көрмесін тамашалауға болады. 17 қаңтарда ТМД халық шығармашылығы және мәдени мұра жылына арналған дәріс, 18 қаңтарда Күләш Ахметованың «Сәкенің қарашаңыры» мақаласы негізінде дәріс, 19 қаңтарда «Ұлт мақтанышы» деректі фильмі көрсетіледі. Сонымен қатар 20-24 қаңтар аралығында мұражайдың ашылғанына 35 жыл толуына орай «Латын және төбе қарпімен жазылған Сәкен шығармалары» көрмесі ұйымдастырылады.

Оқушылар арасында Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша сынып сағаттарын 17 және 19 қаңтарда тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету орталығы өткізеді.

М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында осы аптада төрт қойылым көрсетеді. 17 қаңтарда сағат 19:00-де М.Макдонахтың детективі «Жастық адам», кешке Р. Баердің «Аралас сезімдер» мелодрамасын көруге болады. 21 қаңтар күні сағат 11:00-де бүлдіршіндерге М.Супониннің «Ешкі-Дереза» ертегісі ұсынылады, ал кешке жұртшылықты В.Шукшиннің «Светлые думы» әңгімелері бойынша сахналық қойылым күтеді.

20-22 қаңтар аралығында елордалық қуыршақ театры М.Арғымбаеваның «Элвин және сиқырлы орман тұрғындары» қойылымын тамашалауға болады.

21 қаңтар күні сағат 19:00-де «Жастар» театрында Д.Фо, А. Рахат, Л. Егембердиеваның «Мұң» премьералық драмасы көрсетіледі. Кешкісін сахнада Н.Жақыпбайдың «Жанарымдағы жалғызым әуен» атты театрландырылған концерттік бағдарламасы өтеді.

Nomad City Hall залында 18 қаңтарда астаналықтарға «Алаш жолы» спектаклі, ал 20 қаңтарда «Ричард III» қойылымы ұсынылады.

Музыкалық жас көрермен театры 19 қаңтарда «Шанель №5» деректі драмасына шақырады, кешке «Шәмші» мюзиклі көрсетіледі. 22 қаңтарда көрермендерді «Махаббат бар ма?» комедиясы күтеді.

Осы аптада қалалық кітапханаларда оқырмандар мен оқушылар үшін балалардың ой-өрісін кеңейтуге, олардың көрнекті қайраткерлердің өнері мен шығармашылығымен танысуға бағытталған өзекті тақырыптар бойынша танымдық сағаттар өткізіледі.

18 қаңтар күні сағат 13:00-де №5 бұқаралық кітапханада «Олимпиадалық резервтер» спорттық эстафетасы, 15:00-де «Қазақтың халық композиторлары-Құрманғазы» танымдық сағаты өтеді. 19 қаңтар күні сағат 15:00-де №2 балалар кітапханасында оқырмандарға арнап ақпарат сағаты өтеді. Сонымен қатар №5 кітапхана Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 200 жыл толуына орай «Күй атасы атанған Құрманғазы» музыкалық сағатын өткізеді. 20 қаңтар күні сағат 14:00-де №12 кітапханада Абылай ханның туғанына 312 жыл толуына орай «Өзін қолбасшы және батыр ретінде дәріптеген» тақырыбында тарихи портрет - іс-шара ұйымдастырылады, бір сағаттан кейін №15 кітапхана Мұрат Әуезовтің 80 жылдығына орай әдеби іс-шараға шақырады.