Қаржы • 18 Қаңтар, 2023

Қор нарығында доллар бағамы өсті

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Қор нарығында доллар бағамы өсті

Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 0,24 теңгеге көтеріліп, 464,34 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 18 қаңтардағы бір долларға арналған ресми бағамы 464,09 теңгені құрайды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 463,23 теңгеден сатып алынып, 466,34 теңгеден сатылып жатыр. Алматының айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 463,43 теңге, сату – 467,02 теңге.