Тағайындау • 18 Қаңтар, 2023

Қарағанды ​​облысы Абай ауданының әкімі тағайындалды

503 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Әкімшілігімен және аудандық мәслихат депутаттарымен келісе отырып, Абай ауданының әкімі болып Сәбит Тімішұлы Оспанов тағайындалды. Ол бұған дейін Қарағанды ​​облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы қызметін атқарған еді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағанды ​​облысы Абай ауданының әкімі тағайындалды

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев әкімдікке кандидатты таныстырды. Депутаттар оны қолдады.

Ермағанбет Бөлекпаев жаңа әкімге жылу маусымын тұрақты өткізу, инженерлік желілерді қайта жаңғыртуды аяқтау, әлеуметтік нысандар салу, сондай-ақ жаңа өндірістер ашу, инвестиция тарту және жастар кәсіпкерлігін қолдау міндеттерін қойды.

Сәбит Оспанов 1969 жылы дүниеге келген. 2000 жылдың сәуірінен бастап мемлекеттік қызметте. Абай қаласының әкімі, Қарағанды ​​облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

2016 жылдың қараша айында Қарағанды ​​қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

2022 жылдың сәуір айынан бастап осы уақытқа дейін Қарағанды ​​облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Бұған дейін Қарағанды ​​қаласының әкімі болып Мейрам Қожухов тағайындалғанын хабарлаған едік.