«Қатты соққы салдарынан Mercedes Benz автокөлігі жолдағы мұзды тазарту жұмыстарын жүргізіп жатқан автогрейдерге соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Mercedes Benz көлігінің 43 жастағы жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды», деп жазылған Polisia.kz таратқан хабарламада.
Ақтөбе облысының полиция департаменті барлық жүргізушілерді жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және олардың салдарын болдырмауға бағытталған жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырды.
Айта кетейік, қайғылы оқиға басып озу маневрін орындау кезінде болған.