Оқиға • 19 Қаңтар, 2023

Италияда Қазақстан азаматы қайтыс болды

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Италиядағы Салерно университетінде докторантурада білім алып жүрген 27 жастағы Әсем Жарбосынды көлік қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Италияда Қазақстан азаматы қайтыс болды

Жергіліктің басылымның мәліметінше, 17 қаңтарда Салерно қаласының орталығында адам өліміне әкелген апат болған. Верди театрының жанында қызды 20 жастағы Peugeot 308 жүргізушісі қағып кеткен. Жас жігіт тоқтап, дәрігерлерді шақырған. Сондай-ақ ол алкогольдік сынақтан өтті, ол теріс нәтиже көрсетті. 

Полицейлер нақтылағандай, Әсем бұрылысқа жақын жерден жолды кесіп өтіп бара жатқан кезде көлік астына түскен. Ол алған жарақаттарынан қайтыс болды.