Қоғам • 19 Қаңтар, 2023

СІМ шетелде қайтыс болған Қазақстан азаматына қатысты түсініктеме берді

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыртқы істер министрлігі Италияда қайтыс болған Қазақстан студентінің өліміне қатысты ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

СІМ шетелде қайтыс болған Қазақстан азаматына қатысты түсініктеме берді

Ведомство 27 жастағы студенттің жол апатынан қайтыс болғанын растады. Қазіргі уақытта министрлік марқұмның денесін Қазақстанға жөнелту жұмыстарын бастады.

Бір күн бұрын итальяндық БАҚ Салерно қаласында Қазақстан студентінің қайтыс болғанын хабарлады. Қайғылы оқиға 17 қаңтар күні кешке болған. Салерно университетінің 27 жастағы докторанты көшеден өтіп бара жатқанда, оны Меркато Сан-Северино қаласының 20 жастағы тұрғыны басқарған сұр түсті Peugeot 308 көлігі жаяу жүргіншілер өткелінде қағып кеткен.

Оқиға Станислао Листа көшесінде, Джузеппе Верди атындағы опера театрының жанында орны алды.