Қаржы • 19 Қаңтар, 2023

Былтыр қаржы пирамидаларынан келген шығын 8 млрд теңгеден асқан

393 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті ұсынған деректерге қарағанда, 2022 жылдың қаңтар-қараша айларында қаржы пирамидасынан зардап шеккендер алаяқтарға 8,11 млрд теңге берген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Былтыр қаржы пирамидаларынан келген шығын 8 млрд теңгеден асқан

Ranking зерттеуінде көрсетілгендей, соңғы бес жылда Қазақстандағы инвестициялық пирамидалар бойынша қылмыстық істердің статистикасы өскен. 2019 жылы қаржы пирамидаларын жасаушыларға қатысты қозғалған қылмыстық істердің саны салыстырмалы түрде аз болған, ал пандемияның бірінші жылында ол бірден жеті есе, яғни 24-тен 180-ге дейін өсті. 2020 жылы келген шығын көлемі үш есеге, яғни 1,59 млрд теңгеден 6,17 млрд теңгеге дейін өсті. Дағдарыс кезінде халық девальвация мен инфляцияға ұрынып қалмауы үшін қаражаттарын инвестициялау мүмкіндігін іздеді.

2021 жылы қаржылық қылмыстардың саны біршама азайды (6,1% төмендеді), бірақ келтірілген зиян бірнеше есе, яғни 33,34 млрд теңгеге дейін өсті.

2022 жылы мұндай сипаттағы қылмыстар біршама азайды - қаңтар-қараша айларында 127 іс тіркелді. 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда құқық бұзушылықтар 24,8%-ға азайған. Тиісінше, зардап шеккендер саны 1,2 мыңнан 625 адамға дейін азайды.