Аймақтар • 20 Қаңтар, 2023

Ақмолада қос азаматтықпен жүрген қыз анықталды

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысының полицейлері қос азаматтықпен жүрген ресейлік қызды анықтады. Оған айыппұл салынып, елден шығарылуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмолада қос азаматтықпен жүрген қыз анықталды

Анықталғандай, көші-қон заңнамасын бұзу дерегі бүгін Ақкөл қаласында тіркелген. Көші-қон қызметінің қызметкерлері Ресейдің 23 жастағы азаматын анықтады. Ол үш жыл бойы іс жүзінде екі мемлекеттің – Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының азаматы болып келген.

Мән-жайды нақтылау кезінде полицейлер 2019 жылы Ресейге оқуға түскен қыз Ресей Федерациясының азаматтығын алғанын, алайда қазақстандық заңнаманы бұза отырып, Қазақстан Ішкі істер органдарына немесе шетелдік мекемелеріне уақытылы хабарламағанын және Қазақстан азаматтығынан айырылу бойынша тиісті рәсімнен өтпегенін анықтады.

«Шетелдікке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Санкцияға сәйкес, құқық бұзушыға 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе Қазақстан аумағынан шығарылады. Материалдар сотқа жолданды», делінген Polisia.kz таратқан ақпаратта.

Өткен жылы көші-қон қызметінің қызметкерлері қос азаматтықтың 2760 фактісін анықтады, оның 47-сі ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 2-бөлігі бойынша жауапқа тартылды.