Қоғам • 21 Қаңтар, 2023

Антикордың жалған қызметкері ұсталды

363 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2023 жылдың 19 қаңтарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 1983 жылы туған азамат Қанат Қоржыбаевты әшкереледі, деп хабарлайды Egemen.kz ANTIKOR баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Антикордың жалған қызметкері ұсталды

Ол өзін Антикордың қызметкері ретінде таныстырып, жалпы қамқорлық көрсеткені үшін Алматы облысы кәсіпорындарының бірінің басшысына тиесілі 1 млн теңге сомасында ақшалай қаражатты алаяқтық жолмен иемденген.

Жеке тінту барысында 2014 жылы таратылған қаржы полициясының қызметкерінің жеке куәлігі тәркіленді.

Қолда бар мәліметтерге сәйкес, Қоржыбаев бұрын да осындай қылмыстар жасаған болуы мүмкін.

«Оның заңсыз істері туралы ақпарат болған жағдайда 1424 Антикордың Call-орталығына хабарласуыңызды сұраймыз», делінген ведомство хабарында.

Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етуге жатпайды.