Қазақстан • 22 Қаңтар, 2023

Бензин мен дизельді елден әкетуге тыйым салынды

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Энергетика министрінің, Қаржы министрінің, Ішкі істер министрінің және ҰҚК төрағасының бірлескен бұйрығымен елімізден автомобиль отынын әкетуге тыйым салу алты ай мерзімге ұзартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бензин мен дизельді елден әкетуге тыйым салынды

«Автомобиль көлік құралдарын дайындаушы зауытта көзделген бензин бактарында, қоспаларды іріктеу жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін авиациялық отынды әкетуді қоспағанда, майлау майларын қоспағанда, бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін автомобиль көлігімен Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау тиісті жолдамаға жетекшілік ететін Энергетика, Қаржы, Ішкі істер вице-министрлеріне және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директорына жүктелсін», делінген құжатта.

Бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.