Алаш ардақтыларының арасынан қазақ халқының қамын жеп өткен мемлекет және қоғам қайраткері Ораз Жандосовтың алар орны ерекше. Оның артына қалдырған рухани мұрасы да ұшан-теңіз. Ораздың Қиқымұлының жарық дүниедегі ғұмыры қамшының сабындай тым келте болып, қырық жастың қырқасына да іліге алмай кетті. Небәрі 39 жыл ғана өмір сүріп, 1937 жылғы сталиндік репрессияның құрбаны болған оның ұлты үшін жасап кеткен жасампаздығы халқының жүрегінде қалды. Сондықтан да ер еңбегін елі құрметтейді.
– Ораз Жандосов мерейтойының біздің университетте аталып өтуінің ерекше мағынасы мен өзіндік сыры бар, – деді конференцияны ашып, сөз сөйлеген Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі Тілектес Есполов. – Ол мемлекет және қоғам қайраткері ғана емес, білімі мол, зерделі зерттеуші ғалым. Өз заманындағы еліміздің әлеуметтік, ауылшаруашылық салаларына араласа жүріп, ұлттық мәселелерді шеше білген азамат ретінде тарихта қалды. Биік мақсаттарды алдына қойған қайраткер ауыл экономикасын зерттеу жөніндегі үлкен экспедицияны басқарып, ғылыми еңбектер жазды. 1930-1932 жылдары Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтының (қазіргі ҚазҰАУ) директорлығы қызметін абыроймен атқарды. Сол бір қиын-қыстау кезеңде институт қабырғасынан аграрлық саланың бір шоғыр білімді мамандары түлеп ұшты. Оның ұйымдастыруымен елімізде бірнеше жоғары оқу орындары ашылды. Мәселен, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті, ауыл шаруашылығы және зооветеринарлық институты мен орта білім беретін тағы да бірнеше мекемелер. Алматыдағы мемлекеттік кітапхана да Ораз Жандосовтың ұйытқы болуымен ел игілігіне берілген болатын.
Тарихшылардың деректеріне сүйенсек, 1918 жылы небәрі 19 жасында Қазақстандағы іс-қағаздарды қазақ тілінде жүргізу керек деген мәселе көтерген адамның бірі Ораз Жандосов. Ал, 22 жасында ол Верный қаласының атауын Алматы етіп өзгерту өкіміне қол қойған. Ораз Жандосов есімі Әліби Жангелдин, Сәкен Сейфуллин, Смағұл Сәдуақасов, Тұрар Рысқұлов сынды қазақтың марқасқа тұлғаларымен қатар аталады.
Жиында сөз алған қоғам қайраткері, қазақтың көрнекті ақыны Олжас Сүлейменов, Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Ханкелді Әбжанов, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессоры, тарих ғылымдарының докторы Гүлнәр Нұрымбетова, «Мысль» журналының редакторы Сейдахмет Құттықадам қайраткердің қазақ халқы үшін жасаған еңбегін ортаға салды. Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Х.Әбжанов қатысушыларға конференция материалдарының жеке жинақ болып жарық көретінін жеткізді.
Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Алматы.
Суретті түсірген
Мамыржан БОТАБЕКОВ.

Ұлттық ұланның «BURKIT TEAM» командасы AMMA Азия чемпионатында жүлдегер атанды
Әскер • Бүгін, 20:16
Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 19:51
Депутат өңдеу өнеркәсібінің проблемаларымен танысты
Экономика • Бүгін, 19:37
Алматыда омыртқа жұлыны кеселімен туған екі балаға күрделі ота жасалды
Медицина • Бүгін, 19:16
Ақмола облысында 127 инклюзия кабинеті жұмыс істейді
Денсаулық • Бүгін, 18:53
2025 жылы елімізде қанша кәсіпорын іске қосылды?
Үкімет • Бүгін, 18:40
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай отырысы өтетін күнді белгіледі
Президент • Бүгін, 18:28
Астана әуежайында ауа райына байланысты бірқатар рейс кешіктірілді
Ауа райы • Бүгін, 18:19
Meta Қазақстан бойынша салынатын контентпен жұмыс істейтін қызметкер іздеп жатыр
Қоғам • Бүгін, 18:00
Алматы мектептері отандық цифрлық журналға бет бұрды
Аймақтар • Бүгін, 17:55
Мемлекеттен көмек алған банктерге дивиденд төлеуге шектеу қойылуы мүмкін
Қаржы • Бүгін, 17:52
Сержант-спортшы Азия додасында топ жарды
Спорт • Бүгін, 17:39
Елімізде жалған нөмірмен жүрген 900-ден астам жүргізуші ұсталды
Заң • Бүгін, 17:32
«Теңізшевройл» Атырау жылу электр орталығына газ жеткізуді тоқтата ма?
Аймақтар • Бүгін, 17:20