Қазақстан • 23 Қаңтар, 2023

Қазақстанда мал дәрігерлері жетіспейді

337 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Асқар Жақыпбаев ветеринарлар тапшылығына байланысты жағдайды түзету бойынша жасалып жатқан шаралар туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанда мал дәрігерлері жетіспейді

«Қазір республикада 15 мың мал дәрігері жұмыс істейді. Әзірге 500 маман тапшы болып тұр», деді Асқар Жақыпбаев Ауыл шаруашылығы министрлігі алқасының кеңейтілген отырысында.

Оның айтуынша, өткен жылы Үкімет резервінен ветеринарлардың жалақысын көтеруге қаражат бөлінген.

«Бізде ветеринарлар жетіспейді. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығында ең төменгі жалақы ветеринарлар арасында. Бюджеттен және Үкімет резервінен 6,1 млрд теңге бөлінген. Сонымен қатар жергілікті әкімдіктер тарапынан қаржы бөлініп, осы шаралардың арқасында еңбекақы 50%-ға өсті. Биыл оны 35%-50%-ға көтеру жоспарда бар», деді Асқар Жақыпбаев.