Қоғам • 23 Қаңтар, 2023

Шетелдік көліктерді заңдастыру: 2 мыңнан астам өтінім мақұлданды

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 23 қаңтарда Қазақстанда шетелдік автомобильдерді заңдастыру басталды. 18:00-дегі жағдай бойынша 2000-нан астам өтінім мақұлданды, оның ішінде 100 адам тиісті құжаттарды алып үлгерген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шетелдік көліктерді заңдастыру: 2 мыңнан астам өтінім мақұлданды

«ХҚКО мамандары өтінім берушілерге көмектесіп тұрады. Мұнда сіз кеңес ала аласыз, құжаттарды базалар бойынша тексере аласыз. Әрбір өтінім жеке қаралады. Қосымша сұрақтары бар автокөлік иелеріне қажетті ұсыныстар беріледі», делінген Ішкі істер министрлігі таратқан хабарламада.

Еске сала кетсек, Халыққа қызмет көрсету орталықтары сағат 22:00-ге дейін жұмыс істейді.

Көлікті заңдастыру үшін:

  •  е-gov.kz электрондық үкімет порталы арқылы;
  • Екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы;
  • ХҚКО-ларда өтінім беруге болады.

Ереже бойынша автокөлік Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінуі тиіс, көлік қылмыстық есепте тұрмауы тиіс, басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы тиіс. Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автомобиль кедендік тазартудан өтуі тиіс.