Қазақстан • 23 Қаңтар, 2023

Жалдауға берілген мүлікке салық салу өзгерді

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022 жылғы 21 желтоқсандағы №165-VII Қазақстан Республикасының Заңымен Салық кодексіне қаржылық жалдауға берілген мүлік салығын салу бойынша өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Жалдауға берілген мүлікке салық салу өзгерді

«Қаржылық жалдауға берілген мүлікке мүлік салығын салу мәселесі реттелді, атап айтқанда, жалға беруші қаржылық жалдауға (қаржылық лизингке емес) берілген мүлік бойынша мүлік салығын төлеуші деп танылатыны анықталды. Мұндай мүлік бойынша салық базасы ҚЕХС немесе бухгалтерлік есепке  сәйкес айқындалған дебиторлық берешектің (ұзақ мерзімді) орташа жылдық сомасы болып саналады», деп жазылған хабарламада. 

Бұл норма 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.