«90 жыл бойы балапандарымызды қуантып, танымдық-тағылымдық ақпараттарымен сусындатып жүрген «Дружные ребята» басылымын мерейтойымен құттықтаймын. Жас ұрпақты тәрбиелеу жолында атқарып жүрген қызметтеріңіздің жемісін көре беріңіздер!
Газет осы уақыт аралығында көптеген тарихи оқиғаның куәсі болды және оларға балалар көзімен қарай білді. Редакция бүгінге дейін өзінің басты миссиясы – өскелең ұрпақты шығармашылыққа, өз еліне деген сүйіспеншілікке және аға буынға деген құрметке тәрбиелеу ісін толық атқарып келеді. Балалар баспа басылымдарының дамуына қосқан үлесі үшін «Дружные ребята» газетіне алғысымды білдіремін!», деді министр.
Жиын соңында Д.Қыдырәлі басылымдағы бірқатар қызметкерді салалық марапаттармен марапаттады.